АбайЖаңалықтар

Кеншілер рухына құрмет

    Көмір өндіру саласында жұмыс істеу аса қауіпті іс екенін жер-жерлердегі шахталарда орын алатын қайғылы оқиғалардан байқап келеміз. Адамдардың қаза табуына әкеліп соғатын мұндай апаттар Қарағанды аймағындағы кәсіпорындарда да ұшыраспай жүрген жоқ.

    Соның бірі – осыдан тоғыз жыл бұрын Абай шахтасында болған апат. 2008 жылдың 11 қаңтарында шахтада қатты жарылыс болып, 30 кенші қаза тапты. Бұл жарылыстың жарасы әлі де өшпек емес.

    Жуырда аудан әкімі С.Шайдаров және аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Цай «Абайская» шахтасында болған апат салдарынан жер астында қалған кеншілердің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сонымен қатар, мемориальды кешенге бақилық болған кеншілердің туған-туыстары, замандастары, достары, шахта басшылығы мен ардагер кеншілер жиналды.

    Абай ауданының бас имамы мен православиелік шіркеу өкілі қайтыс болған кеншілер рухына дұға бағыштап, тереңде қалған сағыныштарын тебіреніспен еске түсірді.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button