КЕНШІЛЕР мерекесінің 70-ші тойы

Тарихқа үңілсек, кеншілер күнінің ресми түрде бекітіліп, мерекелене бастағанына тұп-тұра 70 жыл толады екен биыл. Қарағандының тарихына, өсіп-өркендеуіне тікелей  мұрындық болған бұл маман иелерінің ерен еңбегіне қалың қауым биыл 70-ші рет реси құрмет көрсетпек. «Елу жылда – ел, жүз жылда – қазан жаңа» болғанымен, осы жылдар аралығында кенші қауымы ел экономикасына орасан үлес қосудан бір танған емес. Қарағандының – еліміздің индустриалдық орталығы, мықты тірегі болуында мыңдаған кеншілердің табанды еңбегі  бары ақиқат.  Осы жылдар ішінде кеншілердің дүркін-дүркін әулеті қалыптасты. Атадан әкеге, әкеден балаға, баладан немереге жалғасқан кенші мамандығы – бұл жылдар ішінде қадірін бір мосқал да кеміткен жоқ.

Өткен күндер шежіресін парақтасақ, кеншілер күні  1947 жылдың 10 қыркүйегінде бекітілген екен. Тамыздың соңғы жексенбісінде мерекеленеді. Ал, Қарағанды көмір бассейнінде Кеншілер күні 1948 жылы атап өтілді. 1948 жылы 27 тамызда бассейн шахтасында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс болып, онда соғыстан кейінгі бесжылдық қорытындысы шығарылды (Қарағанды шахтерлері оны 4 жылда орындады). 1948 жылы 28 тамызда Қарағанды көмірін өндірудегі жетістіктері, шахта құрылысына еңбектің озық тәсілдерін енгізгені үшін қарағандылық 10 шахтерге (Ж.Әбдірахманов, М.Айтқұлов, Ф.Акулов, Т.Күзембаев, Б.Нұрмағамбетов, Д.Кобухов, Г.Хаирумин, В.Шибаев, С.Шоманов) Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Көмір өнеркәсібі мекемелерінің 500-ден аса кеншісі мен қызметкерлері ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Кұрмет грамотасымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.