Жаңалықтар

КЕНШІ болғыңыз келе ме?

    Жасыратыны жоқ, дәуірінде кенші мамандығының дәурені күшті еді. Жеті қат жер астына түсіп, тау қопарып, кен қазған ауыр һәм адал еңбектің өтеуі де адал-тын. Сол кезеңнің баласы кенші боламын деп кеудесін мақтаныш кернеп айта-тын. Бүгінгінің баласы ше? Кенші мамандығының қадір-қасиетін қаншалықты бағамдай біледі? Құлақ түрелік…

Манас, 22 жаста, экономист:

Кенші болу дейсіз бе? Жоқ, болғым келмейді. Тіпті, ойыма да кіріп шықпапты ондай ой. Кенші мамандығы мені қызықтырмайды. Менің қолым емес сияқты.

Арман, 25 жаста, жүргізуші:

Кенші болғым келеді. Жақсы мамандық қой. Оны қойшы, нағыз еңбек адамдары сол кеніштерде деп ойлаймын мен. Негізінде, құрмет те, абырой да сол маман иелеріне тиесілі. Бұл мамандық иелері қандай марапатқа да, лайық.

 Еркін, 19 жаста, студент:

Жоқ. Өте ауыр жұмыс. Денсаулыққа зиян. Сондықтан, кенші  болмас едім.

Ерлан, 27 жаста, уақытша жұмыссыз:

Егер шахтаға түсетіндей мүмкіндік берілсе, еш ойланбастан түсер едім. Жалпы, кенші жұмысы өте құрметті мамандық.

 Данияр, 30 жаста, жеке кәсіпкер:

Мен кенші болар едім. Бірақ оған үлкен төзім мен мықты жігер керек. Кішкентай күнімде шахтер болғым келетін. Білмеймін, өсе келе, сол арманымнан адасып қалдым.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button