Жаңалықтар

Кенші – аймақ экономикасының жүрегі

   Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану бөлімінің ұйымдастыруымен «Кеншілер айдыны» атты ретро әдеби музыкалық  қонақжай өтті.

Мерекеге Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, «Даңқ» орденінің иегері, «Шахтер даңқы» орденінің толық иегері Жұмабек Абдраманов, Қазақстан көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері «ArcelorMittal Temirtau» компаниясы Көмір департаментінің Адагерлер кеңесінің төрағасы Николай Баизбаев, Қазақстан Республикасың  көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері Виктор Абдраменков, Қазақтан Республикасың  көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері Елтай Төлеубаев және де 6505 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты.

1947 жылдың 10 қыркүйегінде тағайындалған Көмір өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіби мерекесі биыл тамыздың соңғы жексенбісінде. Шахтерлер мерекесі – бүкіл қарағандылықтардың төл мерекесі. Қала алаңдарының бірінде «Шахтер даңқы» деп аталатын алып монумент тұр. Бұл атау бүгінгі Қарағандының тіршілік-тынысымен етене қабысып, тіптен символды мағына алып кеткендей. Шахтерлердің ерлік еңбегінің куәсіндей болып, аспанға асқақтай қол созған  монументте халықтар достығының және қазыналы Қарағанды жерінің символы ретінде бір көмір кесегін бастарынан асыра, биікке көтеріп ұстаған қазақ пен орыс – екі кенші бейнеленген. Қуатты техниканың жоқ кезінде,  көмір породаларын жер астында қалдыратын тәсіл өндіріске енбей тұрған кезде шахтерлердің қолымен үйілген, маңдай терімен тұрғызылған ғаламат. Сондықтан да, бүгінгі ұрпақ оған шахтерлердің азат еңбегінің, ғажайып ерлігінің куәсі ретінде тағзым ете қарайды.

 

Гүлайым ЖЫЛТЫБАЕВА,

М.Әуезов атындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button