Жаңалықтар

“Келісіп пішкен тон келте болмас”

Тамыздың соңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол жолаушылар тасымалы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы келісім жасалған болатын. Бүгінде келісім аясында бірқатар шаралар қолға алынған.

Келісім аясында «Адал Жол» жобалық кеңсесі құрылды. Оның мақсаты – теміржолда жолаушылар тасымалы кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және олардың себептерін анықтау. Мұндай кеңестің құрылуына мұрындық болған – қоғам белсенділерінің қызметі болды. Олар теміржол тасымалдау саласында шешілмеген мәселелердің көптігін анықтады. Мәселен, ресми кассаларда билеттің жоқтығына қарамастан, жекелеген азаматтар еш қысылмастан билетті сырттай сатып жүретін жайттарды кездестіруге болады. Сонымен қатар, ондай билеттерді билеті жоқ жолаушыларға жолсеріктердің өздері де ұсынады. Вагондардың толымдылығына жасалған мониторинг те онда бос орындардың болғандығын көрсетіп отыр. Жолаушылардың қажетті бағыттары бойынша билет сатып ала алмауы кімге тиімді сонда? Осындай фактілердің орын алуы теміржол тасымалы саласында нақты шараларды қабылдауды талап етіп отыр.

Жоба агенттіктің операциялық басқаруы аясында кешенді қызмет қағидасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл бағыттағы жобалық топқа бизнес құрылымдарының өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері кіреді. Олар «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша нақты шараларды қабылдайтын болады. Тұрғындардың жолаушылар тасымалына қатысты ойпікірі, ұсыныстары болса AdalZhol. kz@gmail.com электрондық мекен-жайына немесе 87024477402 (whatsapp/telegram) телефон нөмірі бойынша жолдауларына болады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button