Спорт

Әкелі-балалы бапкерлер мерейлі

Пауэрлифтингтен үш дүркін әлем чемпионы атанған Абдулкәрім Қараманға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», ал оның әкесі Дәрібай Оспановқа «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтары берілді.

Абдулкәрім 2019 жылы Токиода өткен әлем чемпионатында екі мәрте жеңімпаз атанып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ол өзін биік межелерді бағындырған спортшы ретінде танытумен қатар, облыстық кешенді спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметін атқарып, шәкірттер тәрбиелеуде. Бүгінгі таңда өзінің бастамасымен күрделі жөндеуден өткен жергілікті спорт клубында елу баланы тегін жаттықтырады.

Әлем чемпионының негізгі тәлімгері – 70 жастағы әкесі Дәрібай Оспанов. Ардагерлер арасындағы халықаралық жарыстарда жүлделі орындардың иегері. Сондай-ақ, ол да Токиода өткен бәсекелі доданың күміс жүлдегері атанған.

Мен бұл спорт түрінің біздің ауылда (Ақадырда) сәтті дамығанын қалаймын. Ұлттық құраманың бас бапкерінің ұсынысы бойынша ұлым Азия чемпионатына бармайды. 2020 жылы Прагада өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық үстіндеміз. Үмітті ақтауға тырысамыз, – дейді Дәрібай Оспанов.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button