Жаңалықтар

«КазАвиаСпектр» зауытының ғимаратында құрғақ бие сүті өндіріледі

Жақын арада көпшілікке танымал, конвейерінен бірде бір ұшақ шығарылмаған авиазауыттың ғимаратында құрғақ бие сүтін өндіретін кәсіпорынның цехі орналасатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға көмектесуге ҚР ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев уәде берді. 


Қазір «Евразия Инвест ЛТД» құрғақ бие сүтін өндіретін зауыт Жансары кентінің маңында орналасқан. Онда 700 бие сауылып, сүті өңделеді. Дайын ұнтақ фармацевтика мен балалар тағамын шығаруда қолданылады. Өнім Ресей мен Қытайға экспортталады. 
Сүтті ұнтаққа айналдыру технологиясы Қазақстан үшін бірегей. Осы секілді өндіріс, бірақ анағұрлым кішірек көлемде Германияда ғана бар. 
Өмірзақ Шүкеев инновациялық технологиямен Қарағандыға іс-сапары барысында танысып шықты. Ауыл шаруашылық министріне сауу аппараттары, жылқыларға арналған қашалар мен зертханалар көрсетілді. 
– Біздің қазіргі зауыт шалғайда орналасқандықтан белгілі-бір қиындықтарға тап болып отырмыз: электр қуаты кейде өшіп қалады, қысқы уақытта өнімді жеткізу қиынға соғады, білікті мамандарды жұмылдыру күрделі. Біз ол мәселелерді шешу жолдарын құрдық. Қарағандының маңында орналасқан бұрыңғы «КазАвиаСпектр» зауытының ғимаратын сатып алдық. Онда сүтті ұнтаққа айналдыруға арналған құрылғыларды орнатуды жоспарлап отырмыз, ал мұнда мал басын 1500-ға дейін ұлғайтып, биелерді асырып, сауатын боламыз. Осы шаралар арқылы біз тұрғындардан маусымда 2 млн литр сүт сатып алып, дайын өнім көлемін 200 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда ол үшін бізге 3 млрд 80 млн теңге көлемінде қаражат қажет, – деді министрге жылқы зауытының басқарушысы Баян Елшин. 
Оған Өмірзақ Шүкеев бұл мәселені шешуде көмек көрсететінін айтып, уәде берді. 
«Евразия Инвест ЛТД» зауыты 2015-ші жылы іске қосылды. Оған шамамен 2,5 млрд теңге қаражат салынған, оның ішінде 1,7 млрд теңге – «ҚазАгроФинанс» АҚ мен Аграрлық Несие Корпорациясының қаражаты. Бүгінгі таңда зауытта 700 бие бар, 145 білікті мамандар қызмет етеді. Бір жылда компания шамамен 30 тонна дайын өнім өндіреді. 2017-ші жылы зауыт Ресей, Белорусь, Қытай және АҚШ-қа 4,6 тонна ұнтақ қоспа сатқан. 
Естеріңізге сала кетейік, «КазАвиаСпектр» зауыты 2012-ші жылы салынған. Онда «Фермер-2» және «Фермер – 500» модельді үшақтар жасалып, экспортталуы тиіс болатын. Алайда, жұмыс істеген уақытында зауыттан бірде бір әуе кемесі жасап шығарылмады. 2017-ші жылы ол банкрот деп жарияланды. Зауыттың ғимараты мен оның ішіндегі барлық қосымша құрылыстары және аумағы 2012-ші жылдан бері «КазАгроФинанс» атынан несие бойынша кепілдік қамсыздандыру болып табылады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button