Жаңалықтар

Кәсіпкерге қолдау

Қарағандыдағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет ету аумағы ашылды. Кеңесшілер көрсеткен көптеген қызметті онлайн алуға болады деп хабарлайды өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

 Өзіне-өзі қызмет көрсету аумағында келуші компьютерді қолдануға және өзі өтініш толтырып, мемлекеттік органдарға жіберуге, мемлекеттік сатып алулар сайтында тіркелуге, салық есебін тапсыруға мүмкіндік алады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аумағы цифрландыру бағдарламасы аясында қызмет көрсету процедураларын жеңілдету мақсатында ашылды. Бүгінгі таңда «Үкімет бизнес үшін» жобасы бойынша аймақтық кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік қолдау шараларын реинженерингтеу және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қызметті үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады. Смартфондар үшін мобильдік қосымша services. atameken.kz сервисі арқылы қолжетімді.

– Басында қиындықтар туындауы мүмкін. Ұсыныстарға байланысты онлайн-қызмет жетілдіріледі. Қазір кезең-кезеңмен өту жүргізілуде. Atameken Services бірыңғай терезесіне қызметтерді енгізудің арқасында кәсіпкерлер әртүрлі қызметті онлайн ала алады. Нәтижесінде, барлық қызмет түрлері бойынша қарау рәсімі орташа есеппен 50-60 күннен 1-3 күнге дейін қысқарады. Бұдан бөлек, кәсіпкер онлайн режимімен бейнебайланыс арқылы қажетті кеңес алуына болады, – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button