Кәсіпкер жастарға грант берілді

Облыстың аудандарына қарасты ауыл жастары Бұқар жырау ауданында өткен форумда бас қосты. Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытып әрі қолдап жүрген жастарға грант тапсырды.

Белсенді ауыл жастары аймақ басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Дәстүрге айналған «Дархан даланың Ұлы жырауы» форумына ауылды көркейтуге белсенді атсалысып жүрген жастар қатысты. Жастар бұл жолғы шараны Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығын мерекелеуге арнады. Форум бұған дейін облысымыздың бірқатар ауылдық өңірлерінде ұйымдастырылған. Келер жылғы форумның жалауы Ұлытау ауданының жастарына табысталды.

Аяулым СОВЕТ 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.