Абай

Көшелер көркеюде

Абай ауданындағы елді мекендер күн санап көркейіп келеді. Аудан орталығындағы абаттандыру шаралары қарқынмен қолға алынуда. Биыл бұл салаға қомақты қаржы бөлінді. Нәтижесі сол, жыл басынан бері бірнеше мекен-жайда балалар ойын алаңдары ашылды.

Аталған мақсатта жергілікті қазынадан 23 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бірқатар аулалар абаттандырылып, ойын алаңдарының құрылғылары орнатылды.

Мәселен, Жеңіс даңғылындағы №2 үйдің ауласына балалардың ойын жабдықтары қойылып, үй алаңқайы жарықтандырылды. Асфальт төселіп, бордюр жаңартылды. Осындағы спорт алаңының жасанды жабыны алмастырылды.

Іс мұнымен бітпейді. Келешекте де түзілген кестеге сәйкес жүре бермек.

Нұрқанат ҚАНАФИН

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button