Бас тақырыпРуханият

Көшбасшы туралы көшелі ой

«Нұрсұлтан Әбішұлы – саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны – оның заман тынысын тап басып танитыны. Бұл қасиет – бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған?.. Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қатардағы адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады. Бұл жеке адамға, қарапайым отбасылар өміріне қалай әсер етеді?».

Владимир ПУТИН,

 Ресей Федерациясының Президенті.


«Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздің елдеріміздің арасында әріптестіктің мықты іргетасы қаланған. Назарбаев елдеріміздің достығын нығайту үшін қаншама жыл аянбай еңбек етті. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай елі жақсы біледі және аса құрметтейді».

СИ ЦЗИНЬПИН,

Қытай Халық Республикасының Төрағасы.


«Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқының даусыз басшысы».

Эмомали РАХМОН,

 Тәжікстан Республикасының Президенті.


 «Қазақстанның үдемелі өзгеруі – аса көрнекті мемлекет қайраткері, мықты ғалым, халықтар достығын дамытуға үлкен үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Мәскеу мемлекеттік университеті 1994 жылы дәл осы оқу орнының ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия, бұрынғы посткеңестік елдерді интеграциялау идеясын алғаш қозғағанын мақтан тұтады. Қазақстанның лидері аса көрнекті, әлемдегі ең құрметті мемлекеттік басшылардың бірі болып табылады».

Виктор САДОВНИЧИЙ,

М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры.

Басқа материалдар

Back to top button