Кәріпбек туындылары – көрмеде

   Астанада ҚР Ұлттық мұражайында қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің суреттері қойылды. «Радиация» деп аталатын экспозиция ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған.

Көрме 9-шы тамыз – Нагасаки ядролық бомбалау салдарынан қаза тапқандарды еске алу күнінде ашылды және 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге дейін жалғасады. 1991 жылдың 29-тамызында ҚР Президентінің Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Көрменің ашылу салтанатына Жапонияның Қазақстандағы елшісі Итиро Кавабата қатысқан болатын.

Келіңіздер, көріңіздер, өкінбейсіздер. Маған «Мадина» деген картина ұнады. Ол балаларымыздың болашағынан сыр шертеді, ол үшін біз бәріміз бірлесіп әлемдік көшбасшыларды ядролық қарудан бас тартуға шақыруымыз керек,- дейді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.