Руханият

Көне ескерткіштердегі латын жазбалары

Латын жазбалары бар алғашқы ескерткіштер түрлі керек-жарақ заттар мен тастардағы жазбалар болып табылады, олардың ішіндегі ең көнелері б.з. VII ғ. белгіленген. Ең атақтысы болып Рим форумындағы тас сүрлеудегі ескі әріптермен жазылған киелі мазмұндағы (ант немесе қарғыс) жазбалар есептеледі. Римдегі қазба жұмыстары кезінде табылған ыдыстардағы V ғасырда жазылған жазбалар салттық сипатқа ие. 12 кесте Заңы ескерткіші өте зор маңызға ие. Шын мәнінде, бұл сот рәсімдері регламенттері белгіленген, жеке және ұжымдық меншіктің қағидалары, отбасы құқықтары ресми мәлімденген, жаза жүйесі бекітілген алғашқы құқықтық кодекс. Латын тілінде жазбалары бар алғашқы ескерткіштер(б.з.д.VII-VI ғ.ғ.) – қабірлер мен заттардағы қысқа жазбалар, сали әнұранының үзінділері және тағы басқа; қазірге дейін сақталған әдеби ескерткіштер б.з.д.III ғасырға жатады. (дәл осы кезеңде Италия Римнің астына бірігіп, Оңтүстік Италияның гректік мәдениетімен интенсивті қатынас жасай бастаған). Бұл кезеңнің беделді авторлары – Тит Макций Плавт, Марк Порций Катон Үлкен.

Интернет материалдары негізінде дайындалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button