Жаңалықтар

Көмейінен жыр тамған

« Бұқар жыраудың сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың ғұмыры, Аюптың сабыры…, Аплатонның ақылы керек. – »

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұлы тұлғаларымызды насихаттау барысында Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Ұлы жырау ұлағаты» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.

Іс шара барысында кітапхана қызметкерлері жыраудың өмірі мен шығармашылығы, Бұқар жырау ұстанымы-ел бірлігі, ата-баба жолы жайында кітапхана қызметкерлері оқырмандарға ақпарат беріп өтті. Интерактивті тақта арқылы оқырмандар назарына жыраудың есімі берілген мекемелер мен көше атаулары, Бұқар жырау ауданы мұражайындағы бабамыздың жәдігерлері ұсынылды. Сондай-ақ, тақырыпқа байланысты кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімдік басылымдар беттеріндегі Бұқар жырау бабамыздың мақалалары мен таныстырылды.

Әдебиетімізде аты әйгілі, тарихи тұлға Бұқар – халқының, елінің тағдырына терең де ойлы көз жіберген, қабырғасы қайысып, тебірене толғау жыр төккен, парасатты ой түйген жырау, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар жырау аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатер, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан.

Жырау сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған.

Бұқар жырау шығармаларын мәнерлеп оқып, талдаған оқушылар тарих пен әдебиетке деген ынталарын көрсетті. Бұқар жыраудың толғаулары Абылай дәуірінің айнасы.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға кітап қоры туралы қызықты ақпараттар беріп, кітапхана ережесімен таныстырды. Алдағы уақытта кітапхана төрінде Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесін көруге шақырамыз! Баба тойы құтты болсын құрметті оқырман!

Мақпал ЖАНАТҚЫЗЫ,

Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button