Нұра

Көлікке ие болды

    Мерекеге орай Нұра ауданының орталығындағы Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебіне «ГАЗель Next» көлігі  табысталды.

Спорт мектебіне берілген көлікке облыстық бюджеттен 10 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. 19 орындық, жаңа үлгідегі мұндай көлік облыс бойынша, әзірге, бізде ғана.  Бір ұтымды жағы – бензинмен де, газбен де жүре береді. Бұрын облыс көлеміндегі жарыстарға жаяулап, көлік жалдап баратын едік. Енді, ол мәселеге алаңдамайтын болдық, – дейді спорт мектебінің директоры Игорь Пронин.

161 бала жаттығатын спорт мектебінің аудан бойынша төрт елді мекенде: Кертінді, Изенді, Баршын ауылдары мен Нұра кентінде филиалдары бар. Мұнда балалар футбол, волейбол, баскетбол, “Номад ММА”, қазақ күресі, шаңғы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, грек-рим күресі түрлері бойынша жаттығады.

Жетістіктері де жоқ емес. Былтыр “Номад ММА” шығыс жекпе-жегі бойынша жаттықтырушысы Баһадүр Романкуловтың шәкірттері – Геннадий Тротно, Бигелді Байділдин, Аяулым Аманжолова, Вика Миненко – әлем чемпиондары атанды. Кертінділік Нүркен Азамат – халықаралық бокс турнирінің жеңімпазы (бапкері Төлеутай Хамзин), нұралық Ислам Түсіпбеков, Диас Сасымов – республикалық турнир жеңімпаздары (бапкері Болат Имашев) атанды.

 

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button