Қарағанды

Көлік саласының құрметті қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Көліксіз заманауи әлемді елестету мүмкін емес. Осы сан қырлы салаға өндірістік өңіріміз бен барлық мемлекеттің табысты дамуы тәуелді.

Елбасы әрдайым Қазақстан экономикасының қалыптасуы, мемлекеттік тәуелсіздік, аумақтық тұтастық пен елдегі әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюы жолында теміржолдың рөлін жоғары бағалайды.

Қарағанды тасымалдау бөлімшесі қызметкерлерінің үздіксіз еңбегі арқасында жүктер уақытылы жеткізіледі, жолаушылар үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасалады, облыс іші және мемлекеттің басқа аумақтарымен шаруашылық байланыстар нығайтылады.

Қала экономикасының дамуына елеулі үлесін автокөлік кешені қосып, кәсіпорындар, мекемелер, сонымен қатар тұрғындардың өмір сапасы мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сіздердің жедел жұмыстарыңыз, кәсіпқойлықтарыңыз бен өз ісіне деген адалдықтың маңызы әр күн сайын артуда. Кәсіпорындардың технологиялық базасын жетілдіріп, заманауи жабдықтарды қолдана отырып, Сіздер тұрғындарға тиімді және жетілдірілген қызметтер көрсетесіз.

Мол тәжірибелері мен қажырлы еңбектері үшін көлік саласының келешектегі дамуының кепілі болатын жүк және жолаушы көлік саласы ардагерлеріне ерекше алғыс білдіреміз.

Шын жүректен Сіздерге, туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, бақыт, еңбектеріңізде жетістіктер, амандық пен береке тілейміз!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының

әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

қалалық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button