КӨКПАР мен КӨКТЕМ

              Көктем келіп, күн қабағы ашылса да, «кәрі құда» кетуге асығатын емес: кей тұста тұтасқан қардың көбесі де сөгілмеген. Соған қарамастан, көңілі көтеріліп, еңсесін тіктеген ел көктем қызығына кірісіп кетті.

Өткен сенбіде «Сәуле» ауылының азаматтары көптен күткен көктемді көкпар ұйымдастырып, қарсы алды. Қазақтың ұлттық ойынын өткізуге тұрғындар демеушілік жасады.
Ауылдағы аламанға аудан әкімінің орынбасары Абылай Аманжолов арнайы келіп, көпшілікті көктемгі қуанышпен құттықтады. Жанкүйердің делебесін қоздырған тартысты сайысқа «Үшарал» көкпаршылары қатысып, барлығы төрт команда тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.