Бас тақырып

“Үйі бардың күйі бар”

Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бой көтерген көпқабатты үйдің жаңа қоныстанушыларына салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстады. Қарағанды қаласының 15-шағын ауданындағы №20/3 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үйді «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» акционерлік қоғамы тұрғызған.

– Ең алдымен баршаларыңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтағым келеді. Бұл мереке – Отанымыз үшін аса маңызды. Ал, баспана мәселесіне келетін болсақ, әрине, әр адамның басты арманы баспаналы болу екендігі белгілі. Бұған Елбасы да аса зор көңіл бөледі. Бүгін, міне, жаңадан салынған үйдегі 130 пәтердің кілтін табыстағалы тұрмыз. Бұл – үлкен қуаныш. Өткен жылдармен салыстырғанда өңірімізде тұрғын үй құрылысы екі жарым есеге артты. Біз мұнымен тоқталмаймыз. Алдағы жылы да бұл көрсеткішті еселей түсу бағытында жұмыс жасайтын боламыз. Қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Ерлан Қошанов.

ілуде. 2016 жылы құрылысы басталған нысан небары екі жыл аралығында тұрғы зылды. Мұнда негізінен әлеуметтік әлсіз топтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалары бар отбасыларға, көпбалалы аналарға, толық емес отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлерге басымдық берілген. Нысанда 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер бар.

– Пәтердің 1 шаршы метрінің құны – 735 теңге. Мәселен, 80 шаршы метрге пәтер иесі айына шамамен 60 мың теңге төлейді деген сөз. Бағдарлама талабы бойынша төлеу мерзімі – 20 жыл. Одан кейін пәтер иесінің меншігіне өтеді. Ал, пәтер иесінің қаражаты болған жағдайда, 5 жыл мерзім өткеннен кейін толық сатып ала алады. Осы күні барлық 130 пәтердің иесі бар, – деді Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Әсет Алдабергенов.

«Үйі бардың күйі бар» дейді дана халқымыз. Жалдамалы пәтер іздеп, тапқан-таянғаны желге ұшпасын деген жерлестеріміз де дән риза. Солардың қатарында Алтынай Зәрубаева да бар.

– Бүгін, міне, екінші қабаттан екі бөлмелі пәтер алып жатырмын. Қуанышымда шек жоқ. Қателеспесем, үй кезегінде тұрғаныма биыл 12 жылдың жүзі болмақ. Облыстық психо-неврологиялық диспансерде медбике болып қызмет етемін. Айына 35 мың теңге төлеймін. Әрине, шарт бойынша 20 жыл төлеуім қажет. Бірақ, бәрі өзімізге байланысты ғой. Тездетіп төлеп бітіруге тырысамын, әрине. Отбасында екі адамбыз. Ұлым бар, – деді Алтынай Зәрубаева.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімі аяқталғаннан кейін, аймақ басшысы қоныстанушылардың шаңырағын да аралап көрді. Соның бірі Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқу ісі бөлімінің хатшысы – Жанар Нүркетаева.

 – Бюджет қызметкері ретінде үй кезегінде тұрғаныма да аз болмады. Бұған дейін айына 50 мың теңге төлеп екі бөлмелі пәтер жалдап тұратын едік. Енді, міне, 91 шаршы метрлік еңселі үш бөлмелі пәтер алу бақыты бұйырды. Айына шамамен 66-67 мың теңге төлеуге тиіспін. Отбасында үш адамбыз. Әкем және екі балам бар, – деді Жанар Нүркетаева.

Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button