Бас тақырыпЖаңалықтар

Исламда – күміс жүлде

Қарағандылық дзюдошы Ислам БОЗБАЕВ Парижде өтіп жатқан “Grand Slam” турнирінің күміс жүлдегері атанды.


Жерлесіміз финалда оңтүстік кореялық әлем чемпионы Квак Дон Ханға есе жіберіп, алтын жүлде қолдан сусып кетті.

Айта кетейік, Ислам Бозбаев жарыс барысында бес рет белдесті. Жарысқа екінші айналымда қосылған отандасымыз бірінші Эдуард Триппелді (Германия) иппонмен ұтса, екінші белдесуінде Мокану Юрийден (Молдова) айласын асырды. 

Одан кейін ширек финалда жапониялық Мукай Шойчиромен күресіп, иппон ұпайымен уақытынан бұрын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал, жартылай финалда Израиль спортшысы Ли Кохманды тізе бүктірді.

Бапкерлер құрамы Арқа балуанының әлі талай додаларда топ жаратындығына сенімді.

Нұрдос КӘРІМ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button