Жаңалықтар

Іріктеу кезеңі басталды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІ кезеңіне іріктеу басталып кетті. Осыған орай, облыстық ішкі істер департаментінде арнайы жиын өтті.

Күні кеше ІІД жанындағы Қоғамдық кеңестің келелі отырысы өтті. Оның барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ішкі істер органдарынан үміткерлерді ұсыну бойынша мәселе қарастырылды.

Былтырғы жылы жобаға облысымыздың ІІД Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Дәурен Алтаев енген болатын. Тілсіз жаудан төрт баланы құтқарған аға инспекторға Елбасы Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі табысталған.

 «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІ кезеңіне ІІД жанындағы Қоғамдық кеңестің шешімімен Қарағанды облысы Телекоммуникация және байланыс орталығының бастығы, облыстың ІІД жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Сапар Есжанов қатысып, бағын сынамақ.

 Жиын барысында ІІД қызметкерлерінің әдеп кодексін сақтау, әскери оқу жүйесі туралы баяндаманы №58 орта мектеп директоры Татьяна Балғабекова жасады.

ІІД кадр жұмысы бойынша басқарма басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Асқар Жетпісов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының маңыздылығы мен алғышарттарына қысқаша тоқталып өтті.

Сондай-ақ, басқа да мәселелер қарастырылды.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button