Ресми

Интернет ауылға бет алды

Облыста кең жолақты-интернетке қосылатын ауылдардың тізімі жарияланды. Жыл соңына дейін республикалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 54 ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі.

Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады деген болатын. Ол Үкімет басшысы Асқар Маминнен үй желісіне интернетті қосу деңгейін 84 пайызға жеткізу үшін әкімдіктерге энергетика және жер мәселесін шешу туралы тапсырма беруді де сұраған болатын.

Жақсылықтың ауылы алыс емес. Қарағанды облысында жобаны іске асыру аясында сондай-ақ, 56 мектеп, 53 жергілікті әкімшілік нүктесі, 45 аурухана, 16 полиция бөлімшесі, 3 авариялық қызмет те интернетке қосылады.

Естеріңізде болса, 2019 жылы Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Шет аудандарының бірқатар ауылдарына кең жолақты интернет жеткен еді. Биыл жылдың соңына дейін жоғарыда аталған 54 ауыл да осы қатарға қосылады. Атап айтқанда, Абай ауданының Юбилейное, Қарабас, Көксу ауылдары, Ақтоғайдан Шашубай ауылы, Бұқар жырау ауданының барлық ауылдары, Қарқаралы ауданының бірқатар ауылдары, Осакаров, Шет, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының барлық ауылдары кең жолақты интернетке қол жеткізеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button