Инфляция — 1 %

Қарағанды облысында 2018 жылғы ақпандағы инфляция 1%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бір айда – 1,1%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%-ға, ақылы қызметтер – 1,4%-ға қымбаттады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақылы қызметтер саласында әуе көлігінің қызметтері – 19,5%-ға, қаржы қызметтері – 5,2%-ға, пошта қызметтері – 4,3%-ға, шаштараз бен сұлулық салоны қызметтері – 3,5%-ға, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі қызметтері – 2,5 %-ға, киімдерді тазалау, жөндеу және жалға беру қызметтері – 1%-ға қымбаттады. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифтері – 2,8%-ға, соның ішінде, орталықтан жылыту – 4,6%-ға, ыстық су – 3,9%-ға, қоқыс шығару –3,3%-ға, электр энергиясы – 3,1%-ға, суық су – 1%-ға, кәріз – 0,6%-ға жоғарылады.
Азық-түлікте баға қырыққабатта – 13 %, қиярда – 12,8%, қызанақта – 9,6%, пиязда – 8,4%, қызылшада– 5,3%, қантта – 5,2%, маргаринде – 4,6%, сәбізде – 4,4%-ға өсті. Ал, қарақұмық жармасына – 8,7%-ға, жұмыртқаға – 8,3%-ға, картопқа – 1,6%-ға төмендеді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.