Жаңалықтар

Іңкәрлік сезім айғағы

«Ауылына қарап, азаматын таны» қағидасын қатты ескерген Ұлытау ауданы, Жетіқоңыр селолық округінің бір топ тумасы көңілге аса қонымды игі шараны іске асырды. Олардың ізгі ниеттен бастау алған әрекеттерінің нақты нәтижесі бүгінгі күні Мибұлақ ауылының сыртқы келбетіне көрік қосып тұр.

 

Біздің тілге тиек етіп отырғанымыз – село орталығында орнатылған «Жүрегім – Мибұлақ» шағын сәулет құрылысы. Күндіз күнге шағылысып, түн мерзімінде төңірегіне сәуле шашып тұратын нысанды орнатуға ықылас қоюшылар – осындағы оқу ошағынан өмірге қанат қаққандарына биыл 20 жыл толған, яғни, орта мектепті 1998 жылы бітірген түлектер.

Жүректерге жылу дарытар осынау жазба құрылымы арқылы олар өздерінің туған жерге деген іңкәрліктерін даусыз айғақтап берді және өзгелерге өнеге үрдісін көрсетті.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

 «Орталық Қазақстан»

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button