Қарқаралыда ХІV аудандық жазғы спартакиада өтті

Қарқаралы қаласының орталық стадионында ХІV аудандық жазғы «Сарыарқа-2019» спартакиадасы өтті. Онда спортшылар волейбол, қол күресі, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы, шағын футбол, президенттік көпсайыс, асық ату ойындарынан бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша Волейбол ойынынан ерлер арсында І орынды Қарағайлы, Қ.Аманжолов командасы, ІІ орынды Қаршығалы, Тегісшілдік командасы, ІІІ орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған командасы иеленсе, волейбол ойынынан қыздар арасында І орынды Нүркен Қайнарбұлақ, Жанатоған, ІІ орынды Қаршығалы, Тегісшілдік, ІІІ орынды Бесоба, Ынталы, Угар командасы иеленді.

Қол күресі бойынша І орынды Қарағайлы Қ.Аманжолов, ІІ орынды Қарқаралы, ІІІ орынды Нүркен Қайнарбұлақ, Жанатоған командасы иеленді.

Кір тасын көтеру бойынша І орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған командасы ІІ орынды Қарағайлы Қ.Аманжолов, ІІІ орынды Егіндібұлақ, Шарықты командасы иеленді. Асық ату сайысы бойынша І орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған командасы ІІ орынды Егіндібұлақ, Шарықты, ІІІ орынды Ақжол, Қоянды командасы иеленді.

Шахмат ойыны бойынша І орынды Қарқаралы командасы, ІІ орынды ҚМҰТП командасы, ІІІ орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған командасы иеленді.Шағын футбол ойыны бойынша І орынды Қарағайлы Қ.Аманжолов, ІІ орынды Қарқаралы командасы ІІІ орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоған командасы иеленді. Президенттік көпсайыстан І орынды Томар,Темірші, Бақты ІІ орынды Бүркітті, Балқантау Қаракөл, ІІІ орынды Ақжол, Қоянды командасы иеленді.

Дойбы ойыны бойынша І орынды Қарағайлы Қ.Аманжолов, ІІ орынды Егіндібұлақ, Шарықты командасы, ІІІ орынды Ақжол, Қоянды командасы иеленді. 8 спорттүрінен өткен жарыстардың қорытындысы бойынша жалпы командалық еспте І орынды Нүркен, Қайнарбұлақ, Жанатоға, командасы, ІІ орынды Қарағайлы, Қ.Аманжолов командасы ІІІ орынды Егіндібұлақ Шарықты командасы иеленді.

Жеңімпаз командалар Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалар және медальдармен кубоктарын иеленді.