Жаңалықтар

Химия пәні лаборанттары тәжірибе алмасты

Қарағандыдағы мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатында химия пәні лаборанттарының қатысуымен екі күндік семинар өтті.

Семинар облыс орталығындағы оқу-әдістемелік орталығының химия және биология пәндері бойынша әдіскері Зәуре Түкбаеваның ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымдары» зертханасында жалғасын тапты. Жаратылыстану пәндері бірлестігінің жетекшісі әрі химия пәнінің мұғалімі Жанат Ботабекова бірлестікте атқарылған жұмыстармен таныстырды. Химия пәнінің мұғалімі Алма Жұмағұлова «Жас химиктер» үйірмесінің оқушыларымен қызықты тәжірибелер көрсетті. Семинарға жан-жақтан келген лаборанттар химия-лаборатория сыныбының жабдықталу жағдайымен және жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері талаптарымен танысып, нормативтік құжаттар жөнінде тәжірибе алмасып қайтты.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар үшін шағын экскурсия ұйымдастырылды. Елуге тарта лаборантқа сертификат табысталды.

Күлайым ӘУБӘКІРОВА,

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі

Басқа материалдар

Back to top button