Халық сенімін ақтаған жоба

Қарағанды облысы прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Шараға мүдделі мемлекеттік органдар мен өкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Кеңесте облыс прокуратурасы облыс әкімдігімен және басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырған «Халық сенімі» жобасының қорытындысы талқыланды. Жобаның мақсаты – әлеуметтік-экономикалық проблемаларды анықтау және шешу, халыққа нақты көмек көрсету болатын. Жоба негізінде үш апта аралығында – мамандар халыққа кеңес, әлеуметтік көмек, құжаттарын рәсімдеуге көмек берді.

Бұл жобаға қызығушылық танытқан мемлекеттік, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың барлығы да тартылған. Бүгінде жұмыс топтарымен облыстың 8 қала-ауданы қамтылыпты.

Прокуратура таратқан мәліметтерге сүйенсек, жоба аясында 2 мыңнан астам шара ұйымдастырылды. 8 өңірдің 1100-ден аса тұрғынына көмек көрсетілген екен.

Атап айтқанда, елдегі мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры жәрдемдесуі арқылы тұрғындар әр түрлі мамандықтарды меңгеруде. Тұрғындар кәсібін ашу үшін жеңілдетілген несие туралы толық ақпараттар алған.

Ал, жұмыс топтары пәтерлер мен үйлерді, ауруханаларды, мектептерді, мешіттерді аралап көрген. Нәтижесінде бірқатар тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліпті. Жалпы, статистика деректері жобаның тиімділігін дәлелдеген. Сонымен бірге, “Әлеуметтік жағынан әлжуаз азаматтарға және дәстүрлі емес діни ағымдар ұстанушыларға ерекше көңіл бөлінуде” дейді прокуратура.

Мұндай әлеуметтік шаралар облыстың қалған аймақтарында тамызда жалғасады деп күтілуде.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.