Жаңалықтар

Халық Президент шешімін қолдайды

Биліктің жұмысына баға беретін – халық. Халықтың алаңсыз тұрмыс-тіршілігі мен мен мемлекеттің өркендеуі – билікке жүктелген міндеттің бірегейі. Осыны толық сезінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады.

Әрине, көпұлтты Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты арқылы татулығынан таймай, талай сын-қатерлерге төтеп берді. Халықтың көкейіндегісін дөп басып, оң шешімдер қабылдау арқылы мемлекетіміз гүлдене түсті. Ендігі міндет – сара жолдан таймай, әлем елдерінің алдында беделімізді одан ары арттыра беру. Ол үшін, әлбетте, тұрақты басшының қажет екені анық. Себебі, елінің қамын жейтін, елі сенетін Президентінің болуы – қажетті талап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайда Елбасымен де ақылдасқанын айтады. Мұндай шешімге бірден келмегені анық. Өзінің Үндеуінде өңірлерді аралағанын, халықтың көңіл-күйін жақсы білетінін де мәлімдеді. Демек, Президенттің бұл шешімі – халық қамы үшін қабылданған шешім.

Біртұтас халықтың бірлігін сақтап, ырыс-берекесін арттырып, сара жолға нық сеніммен бастайтын, халықтың тікелей еркімен сайланған Президенттің болуы – халқы үшін үлкен абырой. Сол үшін де біз, Қазақстан халқы, бұл тағдырлы шешіммен толық келісеміз әрі қуана қолдаймыз.

Нина ВАХИТОВА,

еңбек ардагері,

Елбасының үзеңгілесі.

Басқа материалдар

Back to top button