Халыққа қызмет көрсету орталықтары қашан ашылады?

Қарағанды облысында 4 мамырдан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданады. Мұндай шешімді  төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аймақтық штаб қабылдады.

Аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде орналасқан ХҚКО бұрынғы режимде жұмыс істейді. Ал,  Қарағанды қаласында тәртіп өзгерді. Яғни, ХҚКО-на барар алдында 1414 нөмірі бойынша немесе egov.kz порталы арқылы  кезекке тұру қажет (https://egov.kz/services/SR.06/#/declaration/0// ). Бұл шара ғимаратта адамдардың көп шоғырланбауын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Алдын ала жазылмаған тұрғындарға қызмет көрсетілмейді. Сондай-ақ, тұрғындар ХҚКО-на электронды форматта қолжетімсіз қызмет түрлерін немесе   egov.kz порталында алдын ала рәсімделген анықтамалар мен құжаттарды алу үшін ғана бара алады. 

Еgov.kz порталында мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы қолжетімді. Азаматтар оларды үйде  немесе әкімдіктер жанындағы фронт-кеңселерде, оқу орындары мен медициналық ұйымдарда және басқа да мекемелерде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан да ала алады.
ХҚКО операторы 1414 нөмірі бойынша өздігінен онлайн-қызметтер алуға ниет білдірген азаматтарға кеңес береді.
Зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар және көпбалалы отбасылар үшін әрбір фронт-кеңседе жеңілдетілген терезелер ашылады.

 4 мамырдан бастап жұмысы жанданатын ХҚКО-ның тізімі мен мекен жайлары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ресми сайтында орналастырылған (https://gov4c.kz/ru/novosti/2020/04/30/v-nekotorykh-regionakh-vozobnoviat-rabotu-tsony/ ).