Жаңалықтар

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарына сәйкес жыл сайын 2014 жылдан бастап «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты байқауы (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырылады.
Байқаудың ұйымдастырушысы болып Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.
Байқауға қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, басқа да ұйымдар мен ведомстволар, үкіметтік емес ұйымдар, қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әрекет ететін жеке тұлғалар қатыса алады.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық бірлестіктерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және халықтың әлжуаз топтарына қолдау көрсету болып табылады.
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ен ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 шілде айына дейін осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау жүргізіледі.
Қосымша ақпараттар алу үшін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады (Поспелов көшесі, 16 үй, 12 каб. тел.300081).
Қарағанды қаласының әкімдігі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button