Грозный мэрі Саранда

Қарағанды облысына Грозный мэрі Муслим Хучиев келді деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz сайты.  Қонақ Кіші Саран ауылында Шешенстан Республикасының алғашқы президенті Ахмат-Хаджи Кадыровпен байланыс­ты естелік жерлерді аралап көрген.

«Бұл сапар – Қазақстан мен Шешенстан Республикасы арасында достық қарым-қатынас­ты орнату мен дамытуда үлген роль атқарған Ахмат-Хаджи Кадыровтың қызметіне деген құрмет»,– дейді Саран  қаласының әкімдігі.

Муслим Хучиев Ахмат-Хаджи Кадыров туған үйдің орнына қойылған ескерткіш алаңына арнайы ат басын бұрыпты. Негізі Грозный мэрі Астанаға ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының ХХV халықаралық ассамблеясына қатысу үшін келген көрінеді. Кездесу «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме аясында ұйымдастырылған. Оның тақырыбы – «Жаһандық жаңашылдықтарға жауап ретіндегі қалалардың тұрақты дамуының жаңа бағдарламасы».

Ахмад Кадыров 1951 жылдың 23 тамызында Қарағандыда дүниеге келген. Оның отбасы 1944 жылы Қазақстанға жер аударылған, олар Кіші Саран ауылында тұрғаны белгілі. 1957 жылдың сәуір айында Кадыровтар отбасы Шешен-Ингуш АССР, Орталық Шалинск ауданына (бүгінгі атауы Курчалоевский ауданы) қайта оралған болатын.

 

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.