Геннадий Головкин бұрынғы бапкерінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық спортшы Геннадий Головкинді ұзақ жыл бойы жаттықтырған Абель Санчес күтпеген мәлімдеме жасап, боксшының жақсылықты білмейтін сараң адам екенін айтқан болатын. Ал, спортшының өзі Villainfy Media-ға берген сұхбатында бұрынғы бапкерінің мәлімдемесі өзі үшін тосып жағдай болғанын айтты. 

  • Менің тарапымнан қандай да бір мәселе туындаған жоқ. Оның не себепті мұндай мәлімдеме жасағанынан хабарым жоқ. Бұл мен үшін тосын жағдай болды. Өйткені, оның алдында екеуміз сөйлесіп, ол барлық жағдайды түсінген еді, — дейді Геннадий Головкин.