Спорт

Гена сенімді

5 мамырда шаршы алаңға шығатын Геннадий ГОЛОВКИН жеңіске жететініне сенімді.
– «НВО-ға» қайта оралып, «StubHub Center-де» жұдырықтасу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Мұнда бокс өнерінің шын жанашырлары жиналған. Мен өзімнің жанкүйерлеріме үлкен шоу ұсынамын, – деген жерлесіміз алдағы жекпе-жекті маңызды кездесулер қатарында атады.
Гена бұған дейін «StubHub Center-де» бір жекпе-жегін өткізген. 2014 жылдың 18 қазанында америкалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта сұлатқан-ды.
Ванес Мартиросян да өліспей беріспейтінін айтып отыр.
– Мен бұл кездесуді ұзақ күттім. Сондықтан, өз мүмкіндігімді жібермеймін. Головкинді жеңу үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын. Әлем маған тамсана қол соғатын болады, – дейді Мартиросян.
Головкин – Мартиросян жекпе-жегі 5 мамыр күні Карсон қаласында (АҚШ) өтеді.

 

Нұрқанат Қанафин.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button