Генаға жеңіс тілейік!

          Кеше қазақтың мақтанышы Геннадий ГОЛОВКИН «Канеломен» көз түйістірді. Бұған дейін жазғанымыздай, қос боксшының келесі жекпе-жегі 5 мамырда Американың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» кешенінде өтеді.
Біздің Гена мексикалық Сауль Альвареспен бұған дейін де жұдырықтасқаны мәлім. Төрешілердің шешімімен, кездесу тең аяқталған-ды. Ал, алдағы реваншты боксшылар мерзімінен бұрын аяқтаймыз дегенді айтып отыр.
Қоғамда қызу талқыланып, елді елеңдеткен бұл жекпе-жектің тартысты болары сөзсіз. Көпшіліктің пікірінше, кәсіпқой бокстан WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жеңіске жетеді деген болжам басым. Солай болса игі.
Генаға жеңіс тілейік!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.