Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шықты

Кеше Қарағанды қаласы, Октябрь ауданында  тоғыз қабатты үйден өрт шығып, үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық ТЖД өкілдері хабарлады.

 

Өрт сөндіру қызметіне төтенше жағдай туралы ақпарат сағат 22.12-де келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарып қалды. Олардың жетеуі — балалар. Жалынның беті 22/43-те толықтай сөндірілді. Газдан уланған балалар жергілікті ауруханаға жеткізілген. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.