Балқаш медициналық колледжі

Балқашта Президенттің бес әлеуметтік бастамасын орындау шеңберінде Балқашта медициналық колледждің жатақханасы күрделі жөндеуден өткізілді. Жаңартылған ғимаратта студенттер үшін жайлы жағдай жасалған. Барлық ниет білдірушілердің барлығы жатын орындарымен қамтамасыз етілген, тағы да студенттерді қабылдау мүмкіндігі бар.

300 орынға шақталған бес қабатты жатақхана 1982-ші жылы салынған. 90-шы жылдары қиын жағдайға байланысты оны уақытша жабуға тура келді, соның салдарынан барлық коммуникациялар тозып қалған. 2018-ші жылы күрделі жөндеу жасау туралы шешім қабылданды. Жатақхананы жөндеу туралы жаңалық колледж басшылығын да, студенттерді де қатты қуантқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *