Жаңалықтар
Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
“Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын”, – делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Г.Н. Әбдіқалықованы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлығында.