Бас тақырыпРуханият

Фотокөрме дәстүрлі шараға айналуы мүмкін

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды өмірінің бір күні» атты фото көрме ашылды. Алғашқы күні экспозицияны тамашалауға келген қарағандылықтар тілек кітапшасында өздерінің алғыс сөздерін қалдырды.

Жергілікті фотографтар қарағандылықтардың күнделікті өмірі мен қаланың көрнекті жерлерін: ғимараттар, ескерткіштер, көшелер мен гүлзарларды суретке түсірді. Көрмеге авторлар туған қаласының 85 жылдығына орай, 85 сурет таңдап алды.

Шығармашылық топ қолдау көрсеткені үшін Қарағанды қаласы әкімдігі мен Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығына алғыс білдірді. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, жыл сайынғы «Біз – Қарағандылықтармыз» фестивалінің бір бөлігі болды. Шараға қажетті қаражат қалалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөлінді.

Көрме Қарағандының қандай да бір жаһандық көрсетіліміне үміткер емес. Бұл жерлестеріміздің өмірінің бір күні. Мен оны тағы да шоғырландырар едім: егер фотоаппараттың әр кадры – бір секундтың алпысыншы үлесі болса, онда бұл көрме бір жарым-екі секундқа жетеді. Бірақ, осы сәтте фотографтар көп нәрсені көрсете алды. Олардың көзқарасы мен шеберлігінің арқасында көрермендер қаланың өмірін түрлі қырларынан таныды, – дейді TEFAEurasiaphoto шығармашылық бірлестігінің мүшесі Юрий Варыгин.

Ұйымдастырушылар бірінші көрменің сәтті өткеніне шабыттана отырып, жобаны жыл сайын ұйымдастыруға ниет білдірді.

– Күнделікті күйбеңмен кейде жан-жағымыздағы адамдарды байқамаймыз, таңқаларлық және тамаша орындардың жанынан жүгіріп өтеміз. Бұл суреттер арқылы мен Қарағандыны басқаша көрдім. «Тоқтай тұр бір мезет, сен неткен ғажапсың!» деп бекер айтылмаған, ғой. Осы көрмені тамашалаған қарағандылықтар туған қаласын одан әрі сүйе түсетініне сенімдімін, – деп атап өтті «Біз – қарағандылықтармыз» жобасының жетекшісі Гүлнар Құрбанбаева. – Мен осы «Қарағанды өмірінің бір күні» атты көрменің жыл сайын өтетін дәстүрлі шара болуына қуана дауыс берер едім. Оны тақырыптық түрде өзгертуге болады. Айталық, тек балаларды, қарт адамдарды, жекелеген кәсіптегі адамдарды ғана көрсетуге мүмкіндік бар. Әр жолы нақты бағыт таңдалса құба-құп.

«Қарағанды өмірінің бір күні» фотокөрмесі Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында (Бұхар жырау даңғылы, 76) 12 тамызға дейін жалғасады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button