Бас тақырыпЖаңалықтар

Федоров су қоймасының жағалауы абаттандырылды

Қарағанды қаласында Федоров су қоймасының жағажайы абаттандырылды. Демалыс орны қала тұрғындары үшін жаз бойы тегін жұмыс істейді.


Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлері жағажайға 30 ағаш шезлонг пен 10 қолшатыр орнатты. Сонымен қатар био дәретхана мен киім ауыстыратын орын қарастырылған. 
– Біз судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше назар аудардық. Жағажайға ескерту және тыйым салатын тақтайшалар орнатылды. Жағалаудан бірнеше метр қашықтықта біз су бетінде қалқып тұратын 15 белгішелер орнаттық. Бұл белгілер одан әрі жүзу қауіпті екенін білдіреді. Қазір құтқарушылар тобын құрып жатырмыз, олар жақын арада өз міндеттеріне кірісуі тиіс, – дейді Қарағанды әкімдігінің «Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КМК техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері Дәуренбек Лесов. 
Сонымен қатар жағажайда бес қоқыс бактары орнатылды, оның ішінде қағаз бен пластиктерді жинауға арналған бөлек контейнерлер қарастырылған. Қоқыс аптасына екі рет шығарылады. 
1 маусымнан бастап жағажай тәулік бойы күзетіледі.  

Басқа материалдар

Back to top button