Бас тақырыпТарих

Ежелгі металлургия – еншіміздегі жетістік

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында өткен заманның және бүгінгі күннің терең мәселелеріне тоқталып, Қазақстан тарихын оның жеке фрагменттерімен емес, заманауи ғылымның биіктігінен түсіну керектігін атап өтті. Ұлы Даланың жеті қырының бағытын белгіледі.

Ұлы даланың екінші қыры ретінде Нұрсұлтан Назарбаев ежелгі металлургияны атады. Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аумағында тау-кен өндірісі мен қола, мыс, қорғасын, темір, күміс және алтын өндірісінің ошақтары пайда болды.

Академик Әлкей Марғұлан өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдары бастаған және оның шәкірттері жалғастырған археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде металлургиялық кешен ашылды. Салыстырмалы шағын аумақта орта қола дәуірінің жиырма бес металлургиялық пеші табылды.

1986-1988 жылдардың басында Қарағанды мемлекеттік университетінің доценттері Ж.Аманжолов және Н.Боранбаев, ҚазКСР Ғылым академиясы ұйымдастырған археологиялық экспедицияларға қатысты. 1986 жылы Жұман Қалықұлының басшылығымен біздің республикасымыздың тарихында бірінші рет бұрынғы Жезқазған облысының Атасу кентінде орта қола дәуірінің пештері қалпына келтірілді. Мысты қорытудың барлық процесін Э.Дильмухамедова басқарған топ киноға түсірді. Кейін осы эпизод 1991 жылы «Қазақфильм» шығарған «Дала сюйтасы» деректі фильміне енді.

1986 жылы орта қола дәуіріндегі пештерді қайта қалпына келтіру Атасу кентінде жақсы сақталған пештер құрылысын зерттеуден кейін орындалды. Осы пештердің пішіні алмұрт тәрізді, жерге терең орналастырылған. Сонымен бірге, ыстық ауа ағыны түтін шығатын мұржаның ең басында кеңейтілген алаң арқылы шығарылған. Осы алаңға құмнан жасалған бұйымдар жинақталған: құмыра, атрелка, музыкалық аспаптар және тағы басқалары. Пештің мұндай конструкциясы тек қана мысты, қоланы қорыту үшін ғана емес, сонымен бірге құмнан жасалған бұйымдарды күйдіру үшін де қолданылған.

Атасу кенті пештерінің ерекшелігі – мұржаларының горизонталды ұзындығы 30 метрге жетеді және ауа берілуіне арналған екі тең деңгейлі арна қарастырылған.

 Ежелгі металлургияның Орталық Қазақстандағы тағы бір ерекше ескерткіші – Алат қонысы. Қоныс біздің ғасырымызға дейінгі ІІ мыңжылдықта Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Кент тауларында орналасқан. Археологтардың зерттеулерімен расталғандай, осы өңірде тау-кен ісі және металлургия жақсы дамыған, одан бай шикізат қоры, қола құю пештері және темір балқытатын пеш оттықтары, металл балқытатын және өңдеуге арналған құралдар, қола бұйымдар табылған. Мұнда шамамен 500 жыл қолөнершілер әулеттері мыс және темір өндірген.

Осы қоныста 2007-2016 жылдар аралығында ҚарМУ археологтары ежелгі металлургиялық үлкен пештерді тапты. Германия және Жапония елдерінің ғалымдары осы ғылыми жаңалыққа үлкен қызығушылық танытты және археологиялық қазба жұмыстарына қатысты.

2016 жылы тарих ғылымдарының кандидаты Жұман Аманжоловқа Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарапынан Кент таулары, Алат қонысындағы ежелгі темір дәуіріндегі пештерді қалпына келтіру жұмыстарын басқаруға қатысты ұсыныс жасалды. Аталған жұмыс осы кісінің басшылығымен 2017 жылы орындалды. Оған ҚарМУ археологтарымен бірге ҚарМИУ магистранты Гүлжайна Есболова да қатысты. Қалпына келтірілген пештерде темірді балқыту жұмысын, жергілікті материалдан ағаш көмірін алдын ала алу процесі де жүзеге асты.

Соңғы уақытқа дейін, темірді өндіру б.з.д. алғашқы мыңжылдықтың басында пайда болды деп саналады. Кент тауларындағы археологиялық зерттеулер қола дәуірінде 200 немесе тіпті 300 жыл бұрын шикізатты темірді үрлеу тәсілімен ала бастағанын анықтады.

Металлургтер қонысында салыстырмалы қарапайым, сонымен бірге конструкциясы бойынша өте күрделі металлургиялық пештер табылды. Металлургиялық пештердің конструкциясының әртүрлі болуы, сол уақыттың өзінде мыс, қола және темірді (крицы) өндіруде әртүрлі технологиялық әдістер қолданылғанын айқындайды. Үлкен пештердегі мұржа ұзын болған. Вертикалды қабырғалы пештер және тигелді балқытуға арналған конструкциялар, сонымен бірге тік, конус тәрізді қабырғалар түбіне қатысты жіңішкерген пештерде кездесті. Ұзын мұржалы және мұржасыз пештер де табылды.

Ежелгі темір дәуірінде крицті алуға арналған пештерді қайта қалпына келтіру бойынша жүзеге асырылған далалық эксперимент нәтижелері «Үлкен металдың шығу тегі» атауымен 2016-2017 жылдары екі облыстық ғылыми-практикалық конференцияда, 2018 жылы Сәтбаев қаласының 45 жылдық мерейтойы аясында «Қ.Сәтбаев – Жеке тұлға. Патриот. Ғалым» халықаралық симпозиумында баяндама түрінде ұсынылды.

Алтын АЙКЕЕВА,

 Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

Басқа материалдар

Back to top button