Еxit poll: Қасым-Жомарт Тоқаев басым дауыспен көш бастап тұр

Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауы барысында сайлаушылардың — 70,13 %-ы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды.

Сонымен, Exit-poll нәтижесі келесідей:

Қасым-Жомарт Тоқаев — 70,13 %; 

Әміржан Қосанов  — 15,39 %;

Дания Еспаева  — 5,32 %;

Жамбыл Ахметбеков  — 3,86 %;

Төлеутай Рақымбеков  — 3,03 %;

Амангелді Таспихов  — 1,41 %;

Сәді-Бек Түгел — 0,86 %;

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша сайлаушылардың 69,94 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы елордада өткен брифингте «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев мәлімдеді. 

«Exit poll нәтижесі бойынша кандидаттарға дауыс былайша бөлінді:

Жамбыл Ахметбеков —   3,06 %;

Дания Еспаева — 4,78 %;

Әміржан Қосанов —  14,96 %;

Төлеутай Рахымбеков — 2,71 %;

Амангелді Таспихов  — 2,63 %;

Қасым-Жомарт Тоқаев —  69,94 %;

Сәдібек Түгел — 1,92 %», — деді брифингте «Жастар» орталығының басшысы.

Талғат Қалиевтің айтуына қарағанда, Exit poll бүгін таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған.

«Республика бойынша 12 мың сайлаушы сауалға жауап берді. Қазақстанның барлық аймақтарындағы 300 сайлау учаскесінде респонденттерден жауап алынды», — деді ол.