Жаңалықтар

Ертегіні үш тілде сөйлетті

      Қаладағы №15 қазақ мектеп-лицейінде оқушылар ертегіні үш тілде сахналады.

2 «г» сыныбындағы 16 оқушы үш топқа бөлініп, білім ұясында өтіп жатқан «Шет тілі онкүндігі» аясында «Үйшік» ертегісін — қазақ, «Үш аю мен Маша» ертегісін — орыс, «Мысық, қораз, түлкі және қоян» ертегісін ағылшын тілінде сөйлетіп, көрермен назарына ұсынды.
Бүлдіршіндер өнеріне риза болған көпшілік қауым осындай игілікті іс-шара ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған сынып жетекшісі Айзат Оразанға, орыс тілі мұғалімі Зекен Жақыповаға, ағылшын тілінен дәріс беретін Айнұр Сартаеваға ризашылық білдірді.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button