«Ертеңін ойлаған ел озар»

Балқаш қаласында жастардың кәсіптік білім алуына қолайлы жағдай жасалып отырғанын білеміз. Қалада бірнеше колледж әртүрлі мамандықтар бойынша білім береді. Міне, жақында шаһардағы медициналық колледждің жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енгенін естіп, қуанып қалдық.

Бірнеше жылдар бойы қаңы­рап бос тұрған жатақханаға мем­ лекет тарапынан қаржы бөлі­ніп, бес қабатты ғимарат толық жөндеуден өтті. Ауыл тұрғын­ дарының, сол колледжде оқитын студенттердің әңгімесіне, бас­пасөз жаңалықтарына сүйенсек, айтса ауыз толарлық, көрсе көз тоярлық оң өзгерістер бар екен. Жылы, жарык, жиһазы мен тұрмыстық техникасы жап-жаңа бұл ғимараттан бөлме алған әр студентте не арман бар, тәйірі?!

Үш жүз орындық жатақхана ғимаратының ескіріп, оны жөн­ деуге қаражат болмауынан 1996 жылдан бері пайдаланылмай кел­ді. Сол себепті өзге өңірлерден келген студенттер пәтер жалдап тұруға мәжбүр еді. Енді мұнда 240 студент жайлы бөлмеге ие болды. Сондай-ақ, бір қабаты жас мамандар үшін пәтер кейпіне сай қайта жаңғыртылып, 16 қызметтік пәтерге қаладағы емдеу мекеме­ леріне шақыртумен келген жас ма­мандар қоныстанды. Ғимараттың бірінші қабатында мейіргерлік іс бойынша дағдыларды меңгеру кабинеттері, кітапхана, мәжіліс залы, бухгалтерия орналасқан. Барлығы бүгінгі күннің талабы­на сай жаңа құралдармен, мүлік­ термен, жиһаздармен жабдық­ талған.

Колледж директоры Серік Пі­шенбаев оқу орнында бес жүзден аса студент оқитынын, олардың жартысынан көбі өзге өңірлерден келгенін айтады. Әйтсе де, жаңа жатақхананың арқасында осы студенттердің барлығы жатын орынмен қамтылып отыр екен.

Колледж түлектері бүгінде жер-жерде халық денсаулығын сақтауда жемісті еңбек етіп келеді. Мәселен, Балқаш медициналық колледжін бітірген Бибігүл Ма­қаш, Қорлан Әмірханова, Жанар Татарғалина, Зайра Дүбірбекова, Бақыткүл Мондыбасова, Гүлжан Құсайынова, Дана Тілеуберлина, Файзат Өмірзақ, Роза Искакова есімді медбике мамандар Ақжал кентінде жемісті еңбек етіп жүр.

«Бітер істің басына, жақсы ке­лер қасына» демекші, сәтімен аяқ­ талған бұл іске қомақты қаражат бөлінуін ұйымдастырған облыс әкімі Ерлан Қошановқа, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевқа және аталмыш колледж директо­ры Серік Пішенбаевқа ата-аналар, студенттер, жалпы тұрғындар атынан шексіз алғыс пен ақ тілек­ тен басқа не айтарсың?!

Серік ҚАМБАРОВ,

Ақжал кенті ақсақалдар алқасының төрағасы.

ШЕТ ауданы.