Басты тақырыпРесми

Ерлан Қошанов әскерилердің жағдайларымен танысты

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының №6505 әскери бөлімінде болып қайтты. Ол әскери техниканы қарап, қоғамдық тәртіп қорғаушыларының жағдайымен танысты, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.


Қарағандыдағы штабы бар «Орталық» аймақтық қолбасшылығы еліміздегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді атқару көлемі мен жеке құрам саны бойынша ең ірі болып табылады. Гвардияшылар қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етеді, түзеу мекемелерін, маңызды мемлекеттік нысандарды күзетеді, лаңкестік әрекеттерге қарсы операцияларға қатысады және басқа да міндеттерді атқарады. 
– Бүгінгі таңда 6505 әскери бөлімінің негізінде қонақтарға Қарағанды гарнизонында бар қару-жарақтарды, әскери техниканы және қолда бар күш пен жабдықтарды көрсетеміз, – деді «Орталық» Аймақтық қолбасшылықтың Тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы, подполковник Берік Тоқтаров. – Сонымен қатар дағдарыс жағдайында белгілі-бір міндеттерді атқаратын бөлімшелер таныстырылды – ол әскери жедел резерв, құрама жасақ, дүлей апаттарды жою бойынша жасақ және арнайы бөлімшелер.
Әскери бөлімшеде жыл басында құрамында акт залы, кітапхана, мұражай, психологиялық жеңілдену бөлмесі, мемлекеттік тіл кабинеті бар мәдени-ойын сауық орталығы ашылған болатын. Әскери лазарет жөндеуден өткізілді. Гарнизон аумағында 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. 
6505 әскери бөлімшесінде атақты жерлесіміз, танымал боксшы Геннадий Головкин отан алдындағы борышын өтеген. «Орталық» Аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов өткен жылдың қарашасында «Алтын Адам» ұлттық сыйлығының «Отан алдындағы қызметте» номинациясының лауреаты атанған. 
6505 әскери бөлімінің бөлімшелері Қарағанды, Қаражал, Балқаш, Жезқазған қалаларында, Долинка, Санитарлық қалашық, Қарабас кенттерінде орналасқан. Бөлімнің тарихы 1956-шы жылы Долинка кентінде КСРО ІІМ жеке конвойлық күзет жасағынан бастау алады.
Күн сайын тек бір ауысымның өзінде әскери қызметке «Орталық» Аймақтық қолбасшылығының 2500 әскери қызметкерлері жауынгерлік қызметке шығады. Олардың 1500-нан астамы түзету мекемелерінде күзет бойынша міндеттерін атқарады, қалғаны қоғамдық тәртіптің қорғалуын және қаламыздағы көшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button