Облыс әкімі

Ерлан Қошанов банктердің жұмысын сынға алды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов банктерді жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша шағын несие беру саласындағы нәтижесіз жұмыстары үшін сынған алды. 

Оның пікірінше, банктер мемлекеттік бағдарлама бойынша несие бергілері келмейді, себебі олар ішкі банктік өнімдер үшін айтарлықтай бәсекелестік құрады.

Аймақ басшысы банк өкілдерімен жиналыс өткізді, онда тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды. 

Жиналысқа қатысушылар оқыған баяндамалар аймақ басшысының ашуын шақырды: жалпы есептегенде банктер биылғы жылы бөлінген қаражаттың тек 17% игерген. Небәрі 159 млн теңгеге 13 өтінім мақұлданған. Бағдарламаға қатысатын бес банктің бірде біреуінде қаражатты игеру нақты көрсеткіші 30%-дан аспайды, әр банк жылына 3-4 өтінімді ғана құптаған. Ал «Халық банкінің» Теміртаулық филиалы биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша несие беруден тіпті бас тартқан, ондай әрекеттерін өткен жылы бөлінген соманы игеру қиынға соққанын, жәнеде игерілмеген қаражат үшін банктер айыппұл төлейтіндерін айтып түсіндірген. 

Болып жатқан жағдайдың себептерін облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров түсіндірді. Оның айтуынша, банктерге бағдарламаға қатысу тиімді емес, себебі оның шарттары бойынша несиелер небары 6% жылдық мөлшерлемемен беріледі. Ал өз бағдарламалары бойынша банктер қаражатты 15-18%-бен және анағұрлым қатаң шарттармен береді. 

«Қазір сізге тағы бір жайтты оқып беремін: міне, мынау Халық банкінің Жезқазған аймақтық филиалының ШЖБ бойынша директор орынбасары Марлен Жұмағұловтың қолы қойлыған 18-ші тамызда жіберілген хаты. Мұнда Қаражал-Жәйрем ауданынан келген несие алушының кепілдік жылжымайтын мүлік қабырғаларының материалы өтімді емес болғандықтан оның несиеге өтініші қанағаттандырылмағаны туралы жазылған. Осылайша, бұл ауданда бірде бір жылжымайтын мүлік өтімді емес. Ол жайлы сандар айтып тұр: осы ауданның кәсіпкерлері берген 23 өтінімдердің бірде бірі оң жауап алған жоқ. 23 өтінім – мұндай аудан үшін өте үлкен сан», – деп мәлімдеді Алмас Айдаров. 

Банкирлердің өздері болса, бағдарламаның нәтижелі жүзеге асырылмауында олардың кінәсі жоқ дейді. Биылғы жылы жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының шарттары өзгерген. Енді тиімді шарттармен несие алу тек өз бизнесін 3-4 жыл бұрын бастаған стартаперлер үшін ғана қолжетімді. Сәйкесінше, мұндай кәсіпкерлерде көбінесе банктің несиелік саясатына сай келетін кірістері және кепілдік мүліктері туралы расталған мәліметтер болмайды. Ал өз мойнына үлкен қауіп алуға банктер бара алмайды.

  «Қаражал-Жәйрем ауданына келер болсақ, жаңағы айтылған хат барлығына бірдей теріс жауап келеді дегенді білдірмейді. Біз кепілдік мүлігі жоқ жас кәсіпкерлерге несие беру үшін «Даму» қорынан кепілдеме алу бойынша жұмыстар жасап жатырмыз. Қордың кепілдемесі бар бір өтініш бойынша біз несие бердік», – деп түсіндірді «Халық банкінің» Жезқазған аймақтық филиалының ШЖБ бойынша директор орынбасары Марлен Жұмағұлов. 

Бұған әкім өзінің пікірін білдірді.

«Бұл хаттқа сіз өз қолыңызбен қол қойдыңыз! Мұнда нақты жазылған заттардың мәні басқаша деп қалай айта аласыз? Бұл Елбасының тапсырмасы, банктер үшін ол қандай да бір маңызға ие болуы керек емес пе! Бір айдан соң дәл осы жиналғандардың басын тағы қосамын. Сіздердің баяндамаларыңызды тыңдаймын. Ал мына хатты Елбасына жеткіземін. Меніңше, мәселе тек Қаражал мен Жәйремге ғана емес, басқа да шалғайдағы елді мекендерге де қатысты», – деді Ерлан Қошанов. 

Шағын несиелеу бағдарламасын дамыту мәселесі қаншалықты өзекті екенін өз көзімен көру үшін жақын арада аймақ басшысы Қаражалға барып қайтуды жоспарлап отыр. Ол жерде облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлермен, банк және «Даму» қорының өкілдерімен кездесу өткізбек.   

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button