Бас тақырыпОблыс әкімі

Ерлан Қошанов Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт болған жерге барды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған Қарқаралы ауданына барып қайтты. Екінші тәулік қатарынан құтқарушылар ұлттық парктегі өртпен күресуде.

Өңір басшысы жергілікті жерде кеңес өткізіп, өртті ең қысқа мерзімде ауыздықтау үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Ол үшін  қажетті мүмкіндіктер мен арнайы техника бар.

– Алдымызға қойылып отырған міндет – бүгін және ертең өрт ошақтарын оқшаулау, яғни өрттің таралуын тоқтату. Қажет болса, бұл үшін қосымша күш, техника тартыңыздар. Жергілікті атқарушы билік көмек көрсетеді, – деді Ерлан Қошанов.

Ол сондай-ақ қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Басқа материалдар

Back to top button