Бас тақырыпКоронавирус

Ерлан Нығматулин: «YDD Corporation” коронавируспен күресуге 100 миллион теңге бөлді»

“YDD Corporation” Қарағанды ферроқорытпа зауыты төтенше жағдай барысында мемлекет қабылдаған іс-шараларды қолдау үшін Қарағанды облысында құрылған қорға 100 миллион теңге бөлді.

Кәсіпорын акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің игілігі үшін ортақ іске ат салысып, COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету туралы үндеуін қолдап, өз үлестерін қосуға шешім қабылдады.

– Қазір біз барлығымыз бірігетін уақыт. Біздің кәсіпорын да шетте қалып қоя алмады. Біз қазақстандықтар мен еліміздің экономикасын қолдау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз, – деді YDD Corporation акционері Ерлан Нығматулин.

Басқа материалдар

Back to top button