Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметтік борышын атқару үстінде ерлікпен қаза тапқан «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторы Ерлан Нұрғалиевті ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, — деп хабарлады Ақорда.
Дәл осындай награда Ерлан Нұрғалиевтің әріптесі, Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Ницык Петр Алексеевичке де табысталды.