Тарих

Ерекше челлендж басталды

Аса көрнекті мемлекет қайраткері Нығмет НҰРМАҚОВТЫҢ 125 жылдық мерейтойына орай, облыстық Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры Сейфілмәлік ОСПАНОВ ұлт перзентінің өмір жолы туралы баяндалатын «Халықтың ардақты азаматы» атты челленджді бастады.

Челлендж қатысушылары Нығмет Нұрмақовтың тағылымды өмір жолынан ерекше естеліктер мен үзінділер айтуы керек. Сейфілмәлік Абзалұлы кезекті еліміздегі мектеп басшылары мен оқушыларға жолдап отыр. Бұл өз кезегінде мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, еліміздің тарихына, оның Нығметтей қайсар ұлдарына деген қызығушылықтарын арттырары сөзсіз.

Қазір әлеуметтік желілерде аймақтағы білім ордаларының басшылары мен Нұрмақов мектебінің түлектері, оқушылары бұл челленджді қуана қабылдап, жалғастыруда.

Осы орайда, аталған мектепте ұлт қайраткерінің мерейтойына орай көптеген шаралардың қолға алынып жатқанын айта кеткен жөн. Еліміздегі күрделі жағдайға байланысты басым бөлігі онлайн форматта жүргізілуде. 25 сәуір – қайраткердің туған күніне орай «Өмірі – ұлтқа өнеге» атты онлайн конференция жоспарланып отыр. Оған нұрмақовтанушы ғалымдар мен өзге де сала мамандары қатысады. Шараға мектептің nurmakov_scool instagram парақшасына кіріп, қатысуға болады.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button