Бұқар жырау

Ер ерлігі – ел тірегі

        Бұқар жырау ауданындағы Сарытөбе негізгі мектебінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жақында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына – 29 жыл толуына орай «Біз сіздерге ризамыз!» атты сурет көрмесі, спорттық жарыстар және Ауғанстан соғысының ардагері Талғат ИМАНТАЕВПЕН кездесу өтті.

Талғат Жанатұлымен өткен кездесу мектептің ұстаздарына, оқушыларына ерекше әсер сыйлады. Қасиетті Баянауыл ауданы, 40 жылдық ауылында дүниеге келген жауынгермен болған сұхбат қызықты өрбіді. Озерный ауылындағы 10 жылдық орта мектепті 1986 жылы бітіріп, Керней ауылындағы «СПТУ – 37» училищесіне жүргізуші мамандығы бойынша оқуға түскен жас жігіттің өмірі күрт өзгергендігін айтып берді.

1987 жылы Бұқар жырау ауданының әскери бөлімшесіне әскер қатарына шақырылған екен. Сол жылы 8 мамырда Қарағанды қаласынан әскерге аттанып кетеді. Әскери борышын Түркімен ССР-ның Тенжен қаласында бастайды. Ол жерде жүргізуші мамандығы бойынша 3 ай дайындықтан өтеді. 1987 жылы тамыз айында Тенжен қаласынан Кабулға, Кабулдан Газни провинциясына келген көрінеді. Ауғанстан жеріндегі әскери борышын өтеу осылай басталып, ауыр артиллерия таситын механик жүргізуші болыпты. Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлері шығарыла бастағанда 1988 жылы маусым айында Талғат Жанатұлы Ауғанстан жерінен аман – есен шығып, Өзбекстанның Термез қаласына келді. Әскери борышын Петропавл – Камчатка жерінде жалғастырды. 1989 жылы 11 мамырда елге оралды.

Тұңғышының Кеңес Одағының саясаты бойынша Ауғанстан жерінде әскери боры­шын өтеп келгендігін анасы білмей де қалған екен.

Кездесу барысында әңгімесімен бөліскен Ауғанстан соғысының ардагері оқушыларды Отанды сүюге шақырды.

З.ӘЙНЕКОВА,

Сарытөбе негізгі мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button