Руханият

ЕНШІМІЗДЕ – ЕКІ ЖҮЛДЕ

   Жуырда Талдықорған қаласында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ поэзиясын ардақ тұту, насихаттау, жас таланттарды таныту мақсатында «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауын өткізді.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған бәйгеден қарағандылықтар да қалыс қалмапты. Жүйріктер аламанға түскенде тақым қысып елде қалған естияр жұрт мәреден кім келер екен деп алаңдамай ма?! Тәубе! Ел тілегі екі бірдей оғланымызды жеңіс тұғырынан көрінуге жазды. ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттіксыйлығының иегері Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ұлықбек Есдәулетов сынды белгілі азаматтар қазылық еткен сайыста жерлесіміз Жәлел Шалқар ақындар арасында арнайы сыйлыққа ие болса, әншілердің арасында Амангелді Ахметжанов жүлделі 3-орынды қанжығасына байлады.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button